Қазіргі уақытта компания тәулігіне 200 тонна жүгері өңдейді, бұл жылына 60 мың тоннадан астам өнімге тең. Жобаны жүзеге асырғаннан кейін өңдеу қуаты тәулігіне 350 тоннаға дейін ұлғаяды, жылына қосымша 30–40 мың тонна жүгері өңдеуге мүмкіндік береді. Шикізат сатып алу көлемі 70 мыңнан 120 мың тоннаға дейін артады.
Жоба аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды. Қазіргі уақытта компанияда 500 адам жұмыс істейді, ал жаңа жоба нәтижесінде шамамен 70 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жоба фермерлерге тұрақты нарықты қамтамасыз етсе, ал мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде су үнемдейтін технологияларды енгізу жүгері өңдеу саласын дамытпақ.
«Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы мен тартылған қаржының арқасында біз өңдеудің жаңа деңгейіне көтерілдік. Осындай қолдаудың арқасында жүгері өңдеу көлемін едәуір арттыра аламыз. Жобаның тиімділігі тек компанияға ғана емес, бүкіл аймақтың фермерлеріне де сезіледі», – деді "АзияАгроФуд" АҚ Басқарма Төрағасы Саян Әшенов.
Жоба елдегі стратегиялық мақсаттарға сәйкес келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалану мен жергілікті кәсіпорындарды дамытуға басымдық беріп, Қазақстанға алдағы он жылда терең өңделген дән өнімдері бойынша әлемдік жетекші елдер қатарына кіру міндетін қойған еді.
Жобаны іске асыру компанияның шикізатты өңдеуді кеңейтуге, өндіріс көлемін арттыруға және аймаққа тұрақты экономикалық үлес қосуға бағытталған стратегиялық бағытын көрсетеді.
