Бүгінде зауыт жыл сайын 85 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Ассортименттің әралуандығы 300-ден астам тауарды қамтиды, оның ішінде вафли, зефир, мармелад, ирис, карамель және т.б. бар. «Кондитерлік астана» жаңа кешені жылына қосымша 13 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік беріп, 260 жаңа жұмыс орны ашылады.
Олжас Бектенов отандық брендтерді шетелде, оның ішінде цифрлық шешімдер арқылы ілгерілетуді күшейту қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта «Баян Сұлу» өнімдері ТМД мен Еуропаның  нарықтарына экспортталады.

"Баян Сұлу" фабрикасы  құны 14 млрд теңге болатын жаңа өндірісті іске қосады