Еске салсақ, биыл сәуірде «Баян Сұлу» АҚ жұмысшылардың жалақысын 10 пайызға, одан кейін 2022 жылдың 1 тамызынан бастап тағы 15-20 пайызға көтерген болатын. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда жұмысшылардың орташа айлық жалақысының өсімі 90 пайызды құрады.

«Жоғары инфляцияны және компанияның қаржылық көрсеткіштерін ескере отырып, біз жалақыны биыл үшінші рет көтеру туралы шешім қабылдадық. Бізге қызметкерлеріміздің әл-ауқаты өте маңызды және әртүрлі профильдегі жаңа мамандарды жұмысқа шақырамыз. Есігіміз бәріне ашық», – дейді «Баян Сұлу» АҚ Басқарма төрағасы Тимур Садықов.

«Баян Сұлу» АҚ 300-ден астам өнім түрін шығаратын Қазақстандағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі. Кәсіпорында 1500-ден астам адам еңбек етеді.

«Баян Сұлу» фабрикасы қызметкерлердің жалақысын бір жылда үшінші рет көтереді

Басқа жаналықтар оқу

Жаңалықтар

«Баян Сұлу» 1 тамыздан бастап қызметкерлердің еңбекақысын көтереді

«Баян Сұлу» фабрикасы – қазақстандық кондитер өнеркәсібінің көшбасшысы. Қызметкерлерінің еңбекақысын 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 15-20 пайыз...