Футбол – Қазақстандағы ең танымал және халық арасында кең тараған спорт түрі. Ол жас ұрпақты тәрбиелеуде, командалық рух пен табандылықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Федерациямен әріптестік орнату арқылы компания бұқаралық спортты қолдап, елдің әлеуметтік дамуына нақты үлес қосуға ниетті.
Компания президенті Тимур Садықов:
«Біз тек сапалы өнім шығарумен шектелмейміз. «Баян Сұлу» – қоғаммен байланысы бар, ел болашағына бейжай қарамайтын ұлттық бренд. Спортты қолдау – халық денсаулығына, ұлт рухына жасалған инвестиция. Қазақстан футбол федерациясымен серіктестік – осы көзқарастың нақты көрінісі», – деді.
Серіктестік аясында жастар футболын дамытуға бағытталған бастамалар, бірлескен акциялар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. «Баян Сұлу» алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауды жалғастырады.