Аталмыш алаңда алғаш рет Қазақстан  ұлттық павильоны ашылды. Келушілердің назарына «Баян Сұлу» фабрикасының стенді ілінді. Шоколад, түрлі кәмпиттер және басқа да тәттілер келушілердің қызығушылығын тудырды.

 «Біздің фабрика 50 жылдан астам тәжірибеге ие. Қазіргі кезде біз «Кондитерлік астана» жобасын жүзеге асырып, әртүрлі бәліштер мен печенье өндірісін кеңейтудеміз. Біздің ассортиментімізде вафли, шоколад, зефир, түрлі кәмпит, драже, карамель және басқа да кондитерлік өнімдер бар. Gulfood көрмесіне алғаш қатысып отырмыз, бұл өнімімізді таныстырып, потенциалды серіктестермен кездесіп, өндіріс үшін қажетті ингредиенттер мен орау материалдарын талқылауға таптырмас мүмкіндік», - деді «Баян Сұлу» маркетинг департаментінің басшысы Алексей Зубанов.

Көрмеге қатысу «Баян Сұлуға» БАӘ-нен келген серіктестермен B2B кездесулер өткізіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін және жаңа нарықтарға шығуды талқылауға жағдай жасады. Дубайдағы қазақстандық тәттілерге қызығушылық фабриканың әлемдік брендтермен бәсекеге дайын екенін дәлелдейді.