Кездесу барысында «Баян Сұлу» АҚ Басқарма төрағасы – Президенті Тимур Садыков жобаның негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелері туралы баяндады. Құны 14,3 млрд теңгені құрайтын жоба кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және өнім түрлерін кеңейтуге бағытталған.
Жаңа өндірістік кешен іске қосылғаннан кейін кәсіпорынның қуаты жылына қосымша 13 мың тоннаға артып, жалпы өндіріс көлемі 100 мың тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ жоба аясында 260 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Кондитерлік астана» жобасы отандық шикізатты терең өңдеуге, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және қазақстандық кондитерлік өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Сапар барысында өндірісті дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Ауқымды жоба Қостанай облысының өнеркәсіптік дамуына серпін беріп қана қоймай, отандық кондитерлік өндірістің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
