Шараға қатысқан Премьер-Министр болашақта бірлескен кәсіпорындардың өнім көлемі мен тауар айналымындағы үлесі арта түсетініне сенім білдірді. Бұл ретте, Әлихан Смайылов Орталық Азия өңірінің Қытаймен сауда көлемі де қарқынды өсіп жатқанын айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш $70 млрд-қа жеткен, оның 45-і Қазақстанға тиесілі. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның экологиялық таза майлы дақылдары, ет және басқа да өнімдері Қытайға экспортталуда.

Кәсіпкерлердің айтуынша, отандық өнім мемлекет ішінде ғана емес, Орталық Азия елдерінде де сұранысқа ие.

Бүгінде «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы жылына 50 мың тоннадан астам өнім өндірсе, оның 40 пайызға жуығы экспортқа сатылуда. Біздің экспорттық бағыттарымызға биылдан бастап ТМД елдері, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Корея кіреді. Біз жаңа нарықтар мен елдерге шығуға мүдделіміз, географиямызды кеңейтіп жатырмыз, шетелде өнімдеріміздің үлкен әлеуетін көріп отырмыз», - деп атап өтті «Баян Сұлу» АҚ сату жөніндегі директоры Тұлпар Мансұров.

 

«Баян Сұлу» және BioOperations компаниялары Қытайдың VI халықаралық импорттық көрмесіне қатысып жатыр