CDIF-пен жасалған келісім компанияның өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Тартылған қаражат өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, «BioOperations» ЖШС-нің халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтып, экспорттық әлеуетін арттырады. Бұған қоса, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтағы экономикалық жағдайдың жақсаруына үлес қосылады.
«CDIF-пен келісім — құрамына “BioOperations” ЖШС кіретін KazFoodProducts компаниялар тобы үшін стратегиялық кезең. Халықаралық қормен серіктестік даму жолымызға жаңа серпін беріп, бүкіл саланың дамуына оң әсерін тигізеді. Аталмыш әріптестікті астықты тереңіненөңдеуде әлемдік көшбасшылардың біріне айналдыру жөніндегі мақсаттың бір бөлігі ретінде қарасытрамыз», - деп компания бұл қадамның маңыздылығын атап өтті.
Chevron Direct Investment Fund Ltd. компаниясының бас директоры Дилан Морган «Chevron Direct Investment Fund Ltd. Қазақстанда тұрақты энергетикалық шешімдерді ілгерілету жолында “BioOperations” ЖШС-пен серіктестік орнатқанын мақтан тұтады. Бұл инвестиция — инновацияны қолдауымыздың, жұмыс орындарын құру мен жергілікті экономиканы дамытуға бағытталған міндеттемеміздің айғағы. Біз бірлесіп, баламалы биоотын индустриясында елеулі прогреске қол жеткізіп, өңірдің болашағына үлес қосуға ұмтыламыз», -деді.
KazFoodProducts холдингінің құрамына кіретін «BioOperations» ЖШС - экологиялық таза және қауіпсіз биоотын саналатын биоэтанол өндіру бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан зауыт жыл сайын 250 мың тоннадан астам бидайды өңдейді. Шығарылған өнімдер қатарына отындық биоэтанол, бидай крахмалы, глютен, мал азықтық қоспалар және көмірқышқыл газы кіреді. Өнімдер АҚШ, Еуропа, Азия және басқа аймақтарға экспортталып, FSSC 22000, ISCC, FDA, Halal және EDGE (гендерлік теңдік) сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған.
Chevron Direct Investment Fund Ltd. — Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген жеке инвестициялық компания. CDIF Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, соның ішінде ауыл шаруашылығы, экологиялық таза технологиялар және цифрландыру салаларына инвестиция құяды.