Кәсіпорында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жем өндірісі кеңейіп келеді. Осылайша, Vitaproline деп аталатын құрама жем ауылшаруашылық жануарларының барлық түрлеріне арналған. Оның ішінде: ірі қара, ұсақ мал, құс, бройлер, жұмыртқалайтын тауықтар, шошқалар мен жылқылар бар. Өнімдердің құрамы жануарға қажетті таңдалған минералдар, витаминдер мен ферменттерден тұрады. Ең бастысы, оның құрамында гормондар жоқ..
Айта кетерлігі, «Элеватор Тайынша» ЖШС астықты қабылдау, өңдеу және тазалау, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған толық жем өндіру, астық пен дайын өнімді сақтаумен айналысады. Мұнда түйіршіктелген жемнің 30-дан астам түрі шығарылады.
Жаңалықтар
Бизнесте өз брендіңді қалыптастыру мен дамыту – табысқа апарар жол
Жаңа брендтердің пайда болуы мақтаныш пен табысқа апарар жол екені сөзсіз. «Элеватор Тайынша» ЖШС өзінің шығарған жаңа брендтері үшін тауар белгісі сертификаттарын алды.