Форумның спонсоры ретінде «Eastern Express» ЖШС қатысты. Бұл компания ірі агрохолдинг KazFoodProducts құрамында болып, сенімді теміржол тасымалы қызметін көрсетеді. Мұндай ірі іс-шараға қатысу — компанияның нарықтағы орнын нығайту стратегиясының бір бөлігі.

«Eastern Express» теміржол арқылы жүктерді тасымалдаумен айналысады. Компания вагондарды басқару, экспедиторлық қызмет және қозғалмалы құрамды жалға беру сияқты қызметтерді ұсынады. Ішкі және халықаралық бағыттарда жұмыс істеп, 100-ден астам тұрақты клиентке қызмет көрсетеді — ірі өндірушілер мен экспортқа бағытталған компаниялар бар.

Компания директоры Гүлжазира Ақбергенова :

 «New Silk Way форумы — тек іскерлік кездесулер емес, шешім қабылдап, жаңа бағыттар мен мүмкіндіктерді ашатын маңызды алаң. Біздің компания осы үдерістің бір бөлігі болып, форумға спонсор ретінде қатысқанына қуаныштымыз», - деп атап өтті.

Форум Қазақстандағы ең ірі көлік және логистика көрмесі TransLogistica Kazakhstan 2025 шеңберінде өтті. Биылғы жылы форум Қазақстанның Қытай, Еуропа және Таяу Шығыс елдері арасындағы транзиттік көпір ретіндегі рөлі арта түскен кезде ұйымдастырылды.

Оған Қазақстан, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Өзбекстанның көлік министрлері мен халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ Қытай, Әзірбайжан, Грузия және Иран теміржолдарының өкілдері қатысты.

Форум бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телемост ұйымдастырылды. Сол сәтте «Достық-Мойынты» жобасы іске қосылып, жаңа транспорт дәлізін дамытуға үлкен серпін берілді.

Eastern Express VII Халықаралық New Silk Way бизнес-форумының спонсоры болды