«Біздің жобаға Киев-Печерск Патериконында сипатталған ғибадатхана үлгі болды. Аталмыш собордың өлшемдері мынадай: «ені 20 белдік, ұзындығы 30 және биіктігі 50 белдік». Собордың екі қабатты ғимараты қысқа мерзімде – 5 жыл ішінде тұрғызылды. Бүгінде көп уақыт пен еңбекті қажет ететін әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Соборды салуға іс жүзінде бүкіл қала және Алматының әртүрлі кәсіпорындары қатысты. Қаржылай қолдауға Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «ЕМС Агро» серіктестігі қосылып отыр. Біз Қазақстанның басқа аймақтарындағы ұйымдардың да жалпыхалықтық және қайырымдылық игі іске өз үлестерін қосып жатқанына өте қуаныштымыз», - деді протоиерей, Барша әулиелердің шапағат шіркеуінің өкілі Евгений Бобылев.

Әулие Мәриям соборы - Орталық Азиядағы ең үлкен соборлардың бірі. Бірінші және екінші қабаттардағы залдың жалпы ауданы 360,55 шаршы метр. Собор Мәскеу стилінде жасалған. Төменгі қабаттағы ғибадатхананың ішкі көрінісі византиялық стильде жасалған.

 «EMC Agro – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан ет және ет өнімдерін өндіретін заманауи қазақстандық кәсіпорын. Біз әрқашан қазақстандықтарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, мемлекет қазынасына салықты уақытылы төлеуге, сондай-ақ қоғамымыздың әлеуметтік және рухани дамуына үлес қосуға тырысамыз. Әлеуметтік жауапкершілік – компаниямыздың басты құндылықтарының бірі. Біз осындай игі істің бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз», – дейді «EMC Agro» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Лариса Косова.

Қазіргі уақытта собордың екінші қабатында орналасқан ғибадатхананың әрлеу жұмыстары аяқталуда. Әулие Мәриям соборының есіктері келушілер үшін ашық.

 

EMC Agro компаниясы Алматыдағы Әулие Мәриям соборының құрылысына демеушілік етеді