«Іскер» сыйлығы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының қатысушылары арасында беріледі. Марапат өз қызметінде жетістіктерге қол жеткізген, тауарын үнемі жетілдіріп, сапасын жақсартуға күш салып жатқан компанияларға табысталады.

Биыл бұл сыйлықты 12 компания алды. Соның ішінде астық өңдеу, ұн, глюкоза шәрбәті, сондай-ақ аралас жемшөп өндірумен айналысатын  Алматы облысында орналасқан «АзияАгроФуд» компаниясы бар. 

«Бүгін «Іскер» сыйлығын алдық. Жұмысымыз бағаланып жатқаны біз үшін маңызды. Бұл жүлде жаңа бастамаларға талпыныс, жақсы баға болмақ. Елордада шара аясында әріптестерімізбен таныстық, алдағы жұмысқа қажет іскерлік байланыс орнаттық», – деді  «АзияАгроФуд» АҚ жетекшісі Саян Әшенов. 

 

 

«АЗИЯАГРОФУД» АҚ «ІСКЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ