Акция аясында қатысушыларға азық-түлік жиынтықтары табысталып, материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік түскі ас пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда соғыс жылдарының әндері шырқалып, жеңіске жетелеген ардагерлердің ерлігі, батырлығы мен төзімділігі үшін алғыс сөздер айтылды.

KazFoodProducts компаниясы дәстүрлі түрде аға буынды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларға қатысады. Мұндай шаралар  ұрпақ сабақтастығын сақтап, тарихи мұраға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.

Бейбіт аспан мен еркін елде өмір сүріп, еңбек ету мүмкіндігін сыйлағаны үшін KazFoodProducts ардагерлерге шексіз алғысын білдіреді. 

KazFoodProducts Алматылық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады