Холдинг өкілі қатысушыларға "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" атты білім беру бағдарламасына сай лекция оқыды. Осындай шаралар студенттер үшін еліміздегі ірі агробизнес саласындағы компаниялардың қызметімен жақын танысып, болашақта жұмысқа орналасуға таптырмас мүмкіндік. Осы ретте, университет агросаладағы жетекші компаниямен байланыс орнатуға ниетті. Екі жақты келісім орнаса, студенттерге фермаларға экскурсия ұйымдастырылып, практикалық сабақтар өткізілетін болады. Басты мақсат – теория мен тәжірибені ұштастыру. Сонымен қатар, компания өкілдері дуалды білім беру бағдарламасы аясында да Жоғары оқу орнының білім алушыларын қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді. Аталмыш жоба аясында жастарға жалақы төленуі де қарастырылған.
Жаңалықтар
"KazFoodProducts" холдингі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен ынтымақтастық орнатпақ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қабырғасында "KazFoodProducts" холдингі өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға студенттер, оқытушылар мен кәсіпорынның мамандары қатысты.