Жобаға 29 қызметкер қатысты. Үш ай бойы қатысушылар арнайы бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындап, жинаған ұпайлары бойынша өз нәтижелерін көрсетті. Бағдарлама аясында спорт залында, үй жағдайында немесе бассейнде жаттығу жасау, аптасына кемінде екі рет 10 000 қадам жүру, сондай-ақ Алматы қаласында өткен спорттық іс-шаралар мен белсенді демалыс шараларына қатысу есепке алынды. Қатысушылар Медеу, Шымбұлақ, Терренкур, Денсаулық баспалдағы, Горельник аумағында және Есентай өзені бойында ұйымдастырылған серуендер мен спорттық шараларға қатысты.
Сонымен қатар, корпоративтік спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған бастамаларға қатысу да бағаланды. Жоба қызметкерлерге күнделікті өміріне пайдалы әдеттер енгізуге, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және өз денсаулығына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында үш қызметкер темекіден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Жоба қорытындысы бойынша 15 қатысушы бағдарламаны толық аяқтады. Ең жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер қатарында ерлер арасында Рүстем Қожаев (Eastern Express), ал әйелдер арасында Меруерт Мұздыбаева (бухгалтерия) атанды.
Жеңімпаздарға құрмет грамоталары табысталып, жобаның басты сыйлығы екі адамға арналған Мальдив аралдарына жолдама болды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұл жоба KazFoodProducts компаниясының қызметкерлердің әл-ауқатын қолдауға, командалық рухты нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды бастамаларының бірі болды.

