Құжат Қазақстандағы жергілікті өндірісті дамытуға, азық-түлік өнеркәсібінде отандық шикізатты пайдалану аясын кеңейтуге және өзара тиімді серіктестікті нығайтуға бағытталған. Ынтымақтастық аясында KazFoodProducts компаниялар тобы құрамындағы «Ақсу Қант» зауыты базасында азық-түлік өндірісінің заманауи талаптарына сай келетін «экстра» санатындағы қант өндіру мүмкіндіктерін қарастыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар тараптар өндірістік тәжірибе алмасуға, сапа стандарттарын жетілдіруге және заманауи тәсілдерді енгізуге қызығушылық танытты.

KazFoodProducts компаниялар тобы Байқаушы кеңесінің төрағасы өз сөзінде: «Біз үшін халықаралық деңгейдегі компаниямен серіктестік орнату жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл өзара тәжірибе алмасып, өндірісті жаңғыртуға, технологиялық тұрғыдан дамуға серпін береді. Жергілікті өндірісті дамыту мен халықаралық стандарттарды енгізу ішкі нарықтағы әлеуетімізді күшейтіп қана қоймай, қазақстандық өңделген өнімнің экспорттық мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», — деп атап өтті.

Меморандумға қол қою отандық өңдеу саласының әлеуетін арттыруға және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.