«Бұл жұмысты университеттің студенттері мен ғылыми қызметкерлері жүргізетін болады.Біз шикізатты жеткізуді ұйымдастырамыз, сонымен қатар, қаржыландыруды қамтамасыз етеміз. Мақсат – жергілікті өндіріс пен зерттеу жұмыстарын тоғыстыру. Зертханалық сынақтар сәтті шықса, BioOperations зауытына тұрақтандырғыштар шығаратын құрал-жабдықтарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Неге ҚБТУ-ды таңдадық дейсіз ғой? Себебі бұл оқу орнының жасыл мектебі бар. Ондағы білім алушылар биоэтанол мен биодизельдің не екенін түсінеді», - деп атап өтті «BioOperations» ЖШС кеңесшісі Евгений Пущик.
Биоэтанолды қолданып бензин өндіру кезінде бір пайыз тұрақтандырғыш қосу керек. Импорттық тұрақтандырғыштың құны бүгінде тоннасына 1800 долларды құрайды. Егер компания бұл құрамдас бөлікті өзі өндіретін болса, баға белгісі 1000 доллар/т дейін төмендейді. Осылайша, шығындар азаяды. Зерттеудің мақсаты – тиімділікті дәлелдеу. Сондықтан өнеркәсіптік ауқымдағы жобаны іске қосу үшін алдымен зертханалық зерттеулер жүргізілуі керек. Зерттеуге ҚБТУ-дан бес адам тартылған. Зерттеу шамамен алты айға созылады.
«Егер жүргізіліп жатқан зерттеулер оң нәтиже берсе, онда біз BioOperations базасында мұндай өндіріс орнын саламыз. Оның үстіне бұл кәсіпорынның өндірістік үй-жайлары осындай технологияларды орнатуға мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық ғылым мен өндірісті біріктіру болып табылады. Келешекте басқа да бірлескен келешегі зор жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар», - деді «KazFoodProducts» компаниялар тобының бас директоры Әлихан Талғатбек.
Айта кетерлігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті Қазақстанның білім беру саласындағы беделді көшбасшысы. Оның негізгі миссиясы - жоғары білікті мамандарды даярлау, экономиканың маңызды салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру.