Жоба аясында KazFoodProducts негізгі шикізат – биоэтанолды жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл компонент холдингтің құрамына кіретін BioOperations ЖШС арқылы жеткізіледі. Компания Қазақстанда бидайды терең өңдеуге және биоэтанол өндіруге маманданған.
Бұл жоба - Қазақстан авиация саласында көміртегі шығынын азайтуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
«KazFoodProducts үшін бұл жоба – елдің тұрақты дамуына қосқан үлес қана емес, сонымен қатар қазақстандық биоэтанолдың экспорттық әлеуетін арттыру және агроөндеу саласына халықаралық инвестициялар тарту бойынша стратегиялық мүмкіндік», – деп атап өтті компания өкілдері.
“Alcohol-to-jet” технологиясы негізінде өндірілетін SAF дәстүрлі авиаотынмен салыстырғанда көміртегі шығарындыларын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде British Airways, ANA, Virgin Atlantic сынды жетекші халықаралық әуе тасымалдаушылары SAF қолдануды бастап кеткен – енді бұл бағытта Қазақстан да алға қадам басуда.
KazFoodProducts жаһандық экологиялық бастамаларға үлес қоса отырып, отандық шикізат пен технологияны халықаралық деңгейге шығаруға атсалысатынын мақтан тұтады.