Компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында жүйелі түрде дамып келеді және өндірістік жобаларды іске асыруда мол тәжірибе жинақтаған. 2017 жылы KazFoodProducts Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы тоқтап тұрған «Биохим» зауытын сатып алған болатын. Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорын қайта іске қосылды.
Қазіргі таңда зауыт жылына 340 мың тоннадан астам астық өңдеп, крахмал, бидай глютені және биоэтанол секілді қосылған құны жоғары өнімдер шығарады. Биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады және экологиялық отын өндірісінде қолданылады. Бұл жаңа бағытты дамытуға негіз болып отыр.
Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен және америкалық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда. Болашақ зауыттың жылдық қуаты 50 мың тонна болмақ. Жобаға шамамен 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.
Бұл жоба компанияға астықты өңдеуден бастап дайын отын өндіруге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыруға, экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанның экологиялық таза энергия нарығындағы орнын нығайтуға жол ашады. Аталған жоба KazFoodProducts компаниясының бизнесті әртараптандыруға және тұрақты дамуға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқындайды.
