Шараны ұйымдастыруға KazFoodProducts холдингі мен «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы өз қолдауын білдірді. Бұл – компанияның аға буынға деген ерекше ықыласы мен әлеуметтік жауапкершілікке деген көзқарасының көрінісі. KazFoodProducts Медеу ауданының Ардагерлер кеңесімен 20 жылдан астам уақыт бойы тығыз байланыста жұмыс істеп келеді, түрлі мерекелер мен маңызды күндерде қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырған.
Мерекелік кеш барысында келген қонақтарға тәтті сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Залға кірген сәттен бастап қонақтарды тірі музыкамен қарсы алған квартеттің өнері ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, фотосессия ұйымдастырылып, ардагерлер осы жарқын күннен естелік суреттерге түсу мүмкіндігіне ие болды.
Кештің концерттік бөлігі де жоғары деңгейде өтті – өнерпаздар ән айтып, би билеп, үлкен кісілердің көңілін көтерді. Ардагерлердің еңбегі еленіп, ерекше алғыс білдірілді.
KazFoodProducts үшін бұл шара – тек бір күндік іс-шара емес, аға ұрпаққа деген шынайы құрмет пен алғыс. Компания болашақта да осындай игі бастамаларға үлес қосуды жалғастыра бермек.