«KazFoodProducts компаниялар» тобы осы сертификаттаудан өткен Қазақстандағы бірінші компания болып отыр. Бұл ретте, еңбектің гендерлік теңдігінің халықаралық стандарттарын сақтау бойынша топ жарған «KazFoodProducts» ЖШС басқарушы компаниясына қарасты «Баян Сұлу» АҚ, «АзияАгроФуд» АҚ, «Биоперейшнс» ЖШС, «EMC agro» ЖШС та аталмыш құжатқа ие болғанын атап өту керек.
Компания бұл нәтижеге қол жеткізу үшін алғашқы қадамдарды 2023 жылдың маусымында Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) серіктестікте бастаған.
«МакКинси зерттеу институтының мәліметі бойынша, гендерлік теңдік жеке компаниялардың жұмысына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар жаһандық ЖІӨ-ні 20%-ға арттырады. Сондықтан біздің ауыл шаруашылығы холдингінің EDGE сертификатына лайық деп танылуы компания үшін де, ел үшін де, тіпті Орталық Азия аймағы үшін де маңызды. Біз EDGE гендерлік сертификатын алған Қазақстандағы бірінші компания болғанымызға қуаныштымыз. IFC-ге жемісті ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз», - деді «KazFoodProducts» ЖШС Бас директоры Әлихан Талғатбек.
1998 жылы негізі қаланған «KazFoodProducts» Қазақстан Республикасының жетекші агроөнеркәсіптік холдингтерінің бірі екенін айта кеткен жөн. Холдинг құрамында 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді, еншілес 20 ұйымы бар. Жұмысқа орналасқан қызметкерлердің 65%-ы әйелдер қауымы. Өндірушілер ішкі нарықта сатылатын өнімдер шығарады, сонымен қатар, Бразилия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Қытай және Орталық Азия елдеріне тауар экспорттайды. Сондай-ақ, компанияның өндіріске инновацияларды енгізу арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан зор әлеуметтік үлесін атап өту қажет.
Айта кету керек, EDGE сертификатының иегерлері арасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банк тобы, IFC, ЮНИСЕФ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Chevron, сияқты әлемдік экономикалық брендтер бар. IKEA, UniCredit, Deloitte және басқа да көптеген халықаралық ұйымдар гендерлік теңдікті өз қызметіндегі басты басымдық деп санайды.