"Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақында бұл елге алғашқы 20 тонна ет жіберіледі. Жалпы, біздің компания үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін Грузия жаңа нарық болмақ және бұл мақтан тұтатын бастама. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тоннаға дейін ет сатып алуға дайын екенін білдірді. 

Айта кетейік, біздің кәсіпорын Қазақстан ішінде ай сайын 700-800 тонна шошқа етін саудалайды.  Яғни, егер біз ұзақ мерзімді перспективада осы екі бағытпен ынтымақтасатын болсақ, бұл өнімнің 50% - ы шетелге кететінін білдіреді", - деп атап өтті компания өкілдері. 

Жалпы, компания әлемдегі шошқа етінің ең ірі тұтынушысы Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Бұл ретте, осы жылдың жазында Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro компаниясының өнеркәсіптік кешеніне барды. Өндірісті қарап шыққаннан кейін қауымдастық жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық білдірді.

"Біздің ет жоғары сапалы, өз өнімдерімізге еш күмәнданбаймыз, әртүрлі елдермен жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Қытайға келетін болсақ, көрші елдің өткізу нарығы бізге маңызды, алайда бұл бағытта бізге мемлекет тарапынан қолдау қажет. Біз Қытайдың Бас кеден одағының тізіміне кіре алмай отырмыз. Осыған байланысты бұл елдің нарықтарына шығу мүмкін емес. ", - дейді компания өкілдері.

EMC agro - Республикадағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания түпкілікті тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнімді өндіруге және жеткізуге және елдің ет нарығындағы сұранысты толық қамтуға бағытталған.  Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады