Марапатталғандардың қатарында KazFoodProducts компаниялар тобының құрамындағы «АзияАгроФуд» АҚ-да ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан диірмен өндірісінің маманы Нұрлан Төлеев те бар.
Нұрлан Төлеев астық өңдеу саласына 40 жылдан астам ғұмырын арнап, отандық азық-түлік өндірісінің дамуына және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып келеді. Оның кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және көпжылдық адал еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды.
Марапаттау рәсімінен кейін Нұрлан Төлеев көрсетілген құрметтің өзі үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін атап өтті.
KazFoodProducts компаниялар тобы Нұрлан Төлеевтің жетістігін ерекше мақтан тұтады және бұл жоғары мемлекеттік награданы оның көпжылдық адал еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының лайықты бағасы деп санайды.
