Соның бір мысалы ретінде «Тамыз-Инвест» компаниясының Летовочный ауылдық округінің амбулаториясына автокөлік табыстауын атап өтуге болады. Жаңа көлік медицина қызметкерлерінің шалғай ауылдарға барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетуіне, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жеткізуіне мүмкіндік береді.

Өңірдегі әлеуметтік жобалардың маңызды бағыттарының бірі спортпен байланысты. EMC Agro Тайынша қаласындағы спорт кешенінде күрес залын салуға 100 млн теңге бөлді. Компания жергілікті спортшылар мен командаларға да қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, 2024 жылы әйелдер және ерлер баскетбол командаларына спорттық киім мен аяқ киім алуға 800 мың теңге бөлінді.

EMC Agro, BioOperations және Тайынша элеваторы бірлесіп, Тайынша қаласының баскетбол командасына қолдау көрсетті. Команда 2024 жылы Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды. Кәсіпорындар «Ақ бидай» облыстық спорттық жарыстарын 2024 және 2025 жылдары өткізуге де атсалысты.

Әлеуметтік қолдау спортпен ғана шектелмейді. EMC Agro Тайыншаны абаттандыруға, қала аумағын жарықтандыруға және қоғамдық орындарды көркейтуге қажетті материалдар алуға көмектеседі. Компания Наурыз, Қала күні және басқа да жергілікті іс-шараларды өткізуге де тұрақты қолдау көрсетеді.

BioOperations спортшыларға қолдау көрсетумен қатар, қалалық және әлеуметтік іс-шараларға қатысып келеді. Компания Qyzyljar Asar корпоративтік қорына 2 млн теңге аударды.

Топ кәсіпорындарының қолдауы ауылдық елді мекендерге де жетіп отыр. Компаниялар жолдарды жөндеуге, балалар алаңдарын абаттандыруға атсалысты. Сондай-ақ Ясная Поляна мен Зеленый Гай ауылдарының мерейтойлық шараларын өткізуге қолдау көрсетті.

Осындай бастамалар KazFoodProducts тобы үшін әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бағытына айналып отыр. Медицина мен спортты қолдау, елді мекендерді абаттандыру және қоғамдық бастамаларға атсалысу арқылы агрохолдинг өзі жұмыс істейтін Тайынша өңірінің дамуына үлес қосып келеді.

Тайынша өңіріне қосылған үлес