Қазақстандық стендтің жекелеген бөлігі астықты терең өңдеу өнімдерімен ұсынылды, олардың өндірушілері - «BioОperations» ЖШС және «Азия Агрофуд» АҚ.

 Отандық кәсіпкерлер инновациялық өнімдерін таныстырды. Көрмеге ірі қара мен ұсақ мал терісінен өндірілген жемшөп қоспалары әкелінді. Сондай-ақ «Элеватор Тайынша» ЖШС жем зауытының өнімдері қойылды. Дәстүрлі түрде Қазақстанның визиткалық карточкасы болып табылатын өнімдері – ұн, түйе және бие сүті, өсімдік майлары ұсынылды.

 «Баян Сұлу» АҚ фабрикасының кондитерлік өнімдері мен Қазақстанда өсірілетін француз жүзім сорттарынан өндірілетін «Silk Alley» ЖШС шарабы ерекше қызығушылық тудырды.

Жалпы, көрме Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері мен  шараға келушілерді АӨК отандық өнімдерінің алуан түрі және жоғары сапасымен таныстырып, сауда мен әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

 Фото ҚР Президентінің баспасөз қызметінен алынды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/619444?lang=kk

Душанбедегі көрме: Қазақстандық өндірушілер үздік ауыл шаруашылығының өнімдерін әкелді