- "BioOperations" зауыты биоэтанол шығарады және ол Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады. Өнімнің бірінші партиясы 2022 жылдың тамызында жіберілді. Глютен және бидай крахмалы Үндістан, АҚШ, Колумбия, Норвегия, ТМД елдеріне және Еуропалық Одаққа экспортталады. .
- "АзияАгроФуд" АҚ Қазақстанда глюкоза-фруктоза шәрбат түрлерінің 50%-дан астамын өндіреді. Өнімдердің негізгі тұтынушылары кондитерлік кәсіпорындар. "АзияАгроФуд" АҚ өнімдері Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және өзге де елдер нарықтарында үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар, БҰҰ бағдарламасы бойынша Ауғанстанға жеткізілетін бидай ұны өндіріледі
- "Тайынша элеваторы" ЖШС ТМД елдеріне "VitaProLine" брендімен құрама жем экспорттайды .
Астықты терең өңдеу
Астықты терең өңдеу – еліміздің ауылшаруашылық өнеркәсібі кешеніндегі келешегі зор және жоғары табысты салалардың бірі
Бұл – жеке өнім ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе басқа тұтыну өнімдерін өндіру үшін одан әрі өңделетін тағамдық және химиялық компоненттерді алу процесі.
Біздің "BioOperations" және "АзияАгроФуд" зауыттарында астықты терең өңдеу барысында, ішкі нарық сұранысын қанағаттандыратын және экспортқа бағытталған қазақстандық өнімді жеткізу желілерін дамытуға мүмкіндік беретін, жоғары қосылған құны бар өнімдердің жаңа түрлері әзірленеді.


Өндіріс
- Біздің қондырғылар крахмал, сірне, жүгері глютені, бидай дәнмаңызы, А және В бидай крахмалы түрлерін және биоэтанол отынын өндіре алады. Қосалқы өнім ретінде спирт төбінен және кебектен түйіршіктелген құрғақ жем өнімі алынады
- Зауыттар жабық өндірістік циклде жұмыс істейді және өнімнің сапасын барлық кезеңдерде – бастапқы астық шикізатын қабылдаудан (өз егіс алқабында өсірілетін), ылғалдылық пен ауа температурасын бақылайтын жабдықтармен жарақталған өз ыдыстарында дайын өнімді сақтау және орау сатысына дейін бақылай алады.
Өнімдерді экспорттау
220
мың
тонна
жылына "BioOperations" зауытының астық өңдеу қуаты
30
мың
тонна
жылына "АзияАгроФуд" зауытының жүгері дәнін өңдеу қуаты
300
тонна
тәулігіне "Тайынша Элеваторы" толық рационды құрама жем зауытының қуаты
>1400
адам үш кәсіпорында жұмыс істейді.
АзияАгроФуд
Қазақстандағы шәрбаттар, құрама жем және нан өнімдеріне арналған ұн өндіру бойынша көшбасшы