АзияАгроФуд
«АзияАгроФуд» АҚ бидай, жүгері дәндерін өңдейтін және мал азығын өндіретін заманауи кәсіпорын.
- Кәсіпорын қарамағында крахмал-сірне зауыты, ұн және құрама жем зауыттары, элеватор (сиымдылығы 15 200 тонна астық) бар.
- Барлық цехтар мен өндіріс орындары Германияда, Швейцарияда, Италияда және АҚШ-та шығарылған ең жаңа, жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандырылған.
- Меншік өндірістік-техникалық зертхана, келетін шикізаттың кіріс сапасын, өндірістің технологиялық процесін және өнім сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс қуаты
Крахмал-сірне зауытына глюкоза-мальтоза шәрбаттарын алу үшін жүгері өңдеудің заманауи технологиясы енгізілген. Кәсіпорын сапа көрсеткіштері МС талаптарына сай жоғары сұрыпты крахмал сірнесін шығарады. Өндіріс толығымен қалдықсыз және өнімнің үлкен ассортиментін ұсынуға мүмкіндік береді: ферментативті, карамельді-қышқыл, жоғары қантты және аз қантты сірне, сонымен қатар глютен, жүгері ұрығы, жүгері қабықшасы. Крахмал-сірне зауыты тәулігіне 200 тоннаға дейін глюкоза-мальтоза сироптарын, сондай-ақ жүгері ұрығын, жем, глютен шығарады.
«АзияАгроФуд» АҚ – жеке өндіріс кешені бар, құрама жем, жемшөп қоспаларын шығару бойынша ірі өндіруші және көшбасшы. Кәсіпорын еуропалық, ресейлік және қазақстандық жетекші ғылыми ұйымдардың рецептуралары бойынша санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық талаптарға толық сай жемшөп өндіреді. Құрама жем өндіру көлемі тәулігіне 600 тонна. Құрама жем өнімдерінің 20-шақты түрін шығарады.
Ұн тарту зауыты тәулігіне 400 тонна астықты өңдеп, жоғары, бірінші және екінші сұрыптағы өте сапалы ұн шығарады. Бидай кебегі мен астық қалдықтары мал шаруашылығына жем жасау үшін пайдаланылады. Ұн тарту зауыты құрамына дәрумендер мен минералдар қосу арқылы ұн байытады.
2006 жылдан бастап компанияға MS ISO 9001:2015, MS ISO 22000:2018 талаптарына сай сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істейді; құрама жем өндірісі азық-түлік қауіпсіздігі FSSC v.5.1 стандартына сай жұмыс істейді.
«АзияАгроФуд» АҚ өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында ғана сатылмай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Ауғанстан, Түркіменстан, Қытай елдеріне экспортталады.
«АзияАгроФуд» АҚ