Көктал-Агро
«Көктал Агро» ЖШС Жетісу өңіріндегі сүтті мал шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Кәсіпорынның қажетті өндірістік-техникалық базасы, білікті инженерлері мен техникалық қызметкерлерінің үлкен әлеуеті, материалдық және еңбек ресурстары бар.
- Компания мал азығы дақылдарын өсіруге 1200 гектардан астам суармалы жер пайдаланады.
- Өнімді мал басының саны (сауын табын) 700. Тәуліктегі сауым көлемі 20 тонна жоғары сапалы сүт.
- Компанияда 120 адам жұмыс істейді.
300 гектар жер алқабына тамшылап суару жүйесі және 200 гектар жаңбырлатып суару машинасы жүзеге асырылды
2019 жылы 1150 орындық сауын сүт фермасын іске қосу жобасын жүзеге асыру басталды. Сауын сиырларды ұстау тәсілі байлаусыз. Сиыр сауыны цехында 36 орындық «Карусель» типті жабдық орнатылған.
2019 -2022 жылдарда Австриядан 635 бас симментал және швиц асыл тұқымды құнажындар әкелінді.
Серіктестік жүгері тұқымын өндіретін тұқым шаруашылығын құруды жоспарлап отыр.
«Көктал Агро» ЖШС