EMC Agro
EMC Agro – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан ет және ет өнімдерін өндіретін заманауи кәсіпорын. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған.
- Ет комбинатының базасында жануарларды ыңғайлы және қауіпсіз ұстауға арналған неміс жабдығымен (Big Dutchman) жарақталған заманауи мал фермасы бар.
- Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
- Кәсіпорын жұмысының арқасында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында жаңа жұмыс орындары ашылуда. Қызметкер саны 420 адам.
2020 жылы «EMC Agro» ЖШС FSSC-22000 халықаралық сапа сертификатын алды.
Өнім ассортименті және нарықтар
«EMC Agro» шұжықтардың үлкен ассортиментін шығарады: жартылай ысталған, қайнатылған, бауыр шұжықтары, жіңішке шұжықтар, сарделькалар және көптеген басқа түрлер. Сондай-ақ карбонад, мойын, пісірілген ет орамалары, төс ет, сирақ еті сынды деликатестер мен жартылай фабрикаттар түрлерін ұсынады. Өнімдер «Lecker» сауда маркасымен шығарылады.
2022 жылдың қараша айында «Lecker» сауда маркасымен шығатын Тайынша ет комбинатының өнімдері Орталық Азия халықаралық «FoodExpo Qazaqstan» тамақ өнеркәсібі көрмесінде «Үздік өнім» номинациясын жеңіп алды. Алты өнім алтын медальмен марапатталды. Бұл өнімдердің жоғары сапасын растайды.
Ет комбинаты өнімдерінің нарығы үлкен. Ет, тартылған ет, шұжық, ет деликатестері және көптеген басқа өнім түрлері Қазақстанның түкпір-түкпірінде сатылады. Сондай-ақ өнімдерді алыс-жақын шетелдерге экспорттау жоспарлануда.
«EMC Agro» ЖШС