Бүгінде «ТастобеАгроФуд» ЖШС сүт өндіру бойынша Жетісу облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі

Ахметов Шыңғыз Нұржанұлы, Директор
Ахметов Шыңғыз Нұржанұлы Директор
  • Шаруашылықта 1500 бас ірі қара бар және оның 650-і сауын сиыр.
  • Тәулігіне 15 тонна сүт өндіреді.
  • 100 жұмыс орны ашылды.\

Ауыл шаруашылығын жер көлемі - 1634,5 гектар.

2016 жылға дейін кәсіпорын қызметі ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге бағытталды. Астық жүгері, арпа және көпжылдық шөптер (жоңышқа) өсірілді. 2016 жылы 490 басқа арналған сүт-тауар фермасының ғимараты жаңартылып, пайдалануға берілді. 2019 жылдың наурыз айында 750 басқа арналған жаңа қора, 330 басқа арналған өре пайдалануға берілді. Биыл сәуірден бастап кәсіпорын қуатын 1000 басқа дейін жеткізу жұмысы жүргізілуде. 2021 жылы Германиядан 30 бас голштейн және 600 бас симментал тұқымды құнажын, Австриядан 96 бас симментал тұқымды құнажын сатып алынып, әкелінді.

«Шырша» типті сауын жабдығының 24 жиынтығы орнатылып, Германиядан көпфункциялы техника мен құрал-жабдықтар сатып алынды.

 Компанияның негізгі артықшылықтары: сүттің жоғары сапасы, экологиялық тазалығы және салыстырмалы түрде төмен құны; заманауи сауу жабдықтарын пайдалануы және сүтті терең салқындатуы; ауылшаруашылық жануарларына арналған жоғары сапалы жемшөп өсіру мен жинаудың озық технологиясын қолдануы.

«ТастобеАгроФуд» ЖШС

041012, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылы, 076 есеп орамы, 52 ғимарат