Eastern Express
«Eastern Express» ЖШС – теміржол тасымалы саласында көптеген қызмет түрін ұсынатын көлік-логистика компаниясы.

Компания меншігі мен басқаруында Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерге жүк тасымалдауға арналған жабық вагондар мен цистерналар бар.
Компания келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- вагон өңдеу;
- жүк тасымалдайтын жабық вагондар мен азық-түлік цистерналарын ішкі және халықаралық қатынасқа бәсекеге қабілетті шарттармен беру;
- шетел және Қазақстан Республикасы аумақтарында темір жол алымдарын, тарифтерін төлеу жөнінде қызмет көрсету;
- жылжымалы құрамдарды жалға беру.
«Eastern Express» компаниясының 100-ден астам тұтынушысы бар, олардың көбі тікелей жүк жөнелтушілер.
Тасымалдау географиясы 15-тен астам елді қамтиды: Орталық Азия мемлекеттері, Ресей, Еуропалық Одақ.
Компания активтерін белсенді түрде дамытып, толықтыруда. Келешекте жылжымалы құрамдар паркін ұлғайту үшін астық тасымалдайтын вагондар алу қарастырылған.
«Eastern Express» ЖШС



