Тамыз-Инвест
Бидайдың сұрыпты тұқым түрлерін және тауарлық астық өсіруге маманданған ауылшаруашылық кәсіпорны. Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

- Негізгі бағыты – бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдарын өсіру.
- Жалпы жер қорында 68 000 гектар егіс алқабы бар.
- Кәсіпорын меншігінде 80 техникадан тұратын заманауи комбайн-трактор паркі бар.
- 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
Кәсіпорында өсірілетін дәнді-дақылдар тұқымы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ірі тұқым шаруашылықтарының сұранысын қанағаттандырады.
Сондай-ақ кәсіпорын көлемі 11 000 гектар жоғары өнімді жайылымдар негізінде етті-сүтті жылқы шаруашылығын дамытуда.
«Тамыз-Инвест» ЖШС



