Біз 1974 жылдан бері өнім шығарып келе жатқан кондитерлік фабрикамыз. Еңбектерімен еліміздің абыройын асқақтатып жүрген азаматтарымызбен мақтанамыз. Шавкат - біздің мақтанышымыз. Спортшының біздің компанияның амбассадоры болатынына қуаныштымыз. Ол өз ісінің нағыз кәсіби маманы, мықты спортшы. Оған тек жеңіс тілейміз», - деді «Баян сұлу» АҚ басқарма төрағасы, президенті Тимур Садықов.

 2022 жылдың 25 маусымында Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде қазақстандық спортшы америкалық Нил Магниді  жеңіп, UFC-тің жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 10-орынға көтерілген еді.

"Баян Сұлумен" ынтымақтастығыма өте қуаныштымын. Біз бұл брендтің тәттілерін бала кезімізден білеміз. Ол әрқашан біздің дастарханымызда тұрады. Мен осы ортақ жобаға қатысып жатқаныма қуаныштымын», - деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен және бірде-бір жеңіліс көрмеген спортшы.

«Баян Сұлу» АҚ аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновпен ынтымақтастықты бастады

Басқа жаналықтар оқу

Жаңалықтар

Отключение газа на месяц: как будет работать костанайская кондитерская фабрика

В связи с предстоящим отключением газа в Костанайской области ряд крупных предприятий области намерены сократить объем производства. Как отра...

Жаңалықтар

«Баян Сұлу» фабрикасы қызметкерлердің жалақысын бір жылда үшінші рет көтереді

«Баян сұлу» фабрикасы 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жұмысшылардың жалақысын 30 пайызға көтереді.

Жаңалықтар

«KazFoodProducts» басқарушы компаниясының және «Баян Сұлу», “EMC Agro” компанияла...

Іс-шарада макроэкономикалық тенденциялар саласындағы FMCG секторының өндірушілері үшін маңызды тақырыптар, экономикалық дағдарыс, энергия, ин...