АзияАгроФуд
«АзияАгроФуд» АҚ бидай, жүгері дәндерін өңдейтін және мал азығын өндіретін заманауи кәсіпорын.
Кәсіпорын құрамына крахмал-сірне зауыты, ұн тарту диірмені, құрама жем зауыты және астықты кептіру кешендері кіреді. Астық сақтау сыйымдылығы 50 000 тоннаны құрайды.
Барлық өндірістік нысандар Германия, Швейцария, Қытай және АҚШ-та шығарылған заманауи, жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Меншікті өндірістік-техникалық зертхана шикізатты қабылдаудан бастап, өндіріс процесі мен дайын өнімге дейінгі барлық кезеңде сапаны қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Ұн тарту өндірісі
Ұн тарту кешені тәулігіне 400 тоннаға дейін бидай өңдейді. Оның құрамына жалпы сыйымдылығы 15 200 тонна болатын екі элеватор және 3 000 тонна дайын өнім сақтайтын қоймалар кіреді.
Кәсіпорын жоғары, бірінші және екінші сортты ұн, сондай-ақ кебек пен мал азығына пайдаланылатын астық қалдықтарын өндіреді.
Шикізат Қазақстанның солтүстік өңірлерінен, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарынан жеткізіледі. Өнімдер наубайханаларға, сауда желілеріне және ірі өндірістік кәсіпорындарға жөнелтіледі, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Крахмал-сірне өндірісі
Крахмал-сірне өндірісінде жүгеріні терең өңдеу арқылы глюкоза және мальтоза шәрбаттары өндіріледі.
Өндіріс қуаты тәулігіне 200 тоннаға дейін жетеді, ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 350 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Негізгі шикізат — жүгері. Оның едәуір бөлігі Алматы облысында өсіріледі. Өндіріс қалдықсыз жүзеге асады: шәрбаттармен қатар крахмал сірнесі, глютен, жүгері ұрығы және мал азығына арналған өнімдер шығарылады.
Крахмал-сірне өнімдері тағам және кондитер өнеркәсібінде қанттың баламасы ретінде және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында кеңінен қолданылады.
Құрама жем өндірісі
Құрама жем зауыты 2016 жылы іске қосылған және тәулігіне 600 тонна өнім өндіруге қауқарлы.
Кәсіпорын мал шаруашылығына арналған толық рационды құрама жем, концентраттар және витаминді-минералды қоспалар шығаруға маманданған.
Шикізаттың негізгі бөлігі ұн тарту және крахмал өндірісінің жанама өнімдерінен тұрады: кебек, астық қалдықтары, жүгері жемі және глютен.
Өнімдер түйіршік (гранула), брикет және ұнтақ түрінде шығарылады және құс фабрикаларына, балық шаруашылықтарына, сондай-ақ ірі қара, ұсақ мал және шошқа шаруашылықтарына жеткізіледі.
Сапаны бақылау
Кәсіпорында шикізаттың, өндіріс процесінің және дайын өнімнің сапасын бақылайтын екі өндірістік-техникалық зертхана жұмыс істейді.
2006 жылдан бастап ISO 9001 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Сонымен қатар ISO 22000 және FSSC стандарттары қолданылады, бұл өнім қауіпсіздігі мен сапасының халықаралық талаптарға сай екенін растайды.
«АзияАгроФуд» АҚ



