Баян Сұлу
«Баян Сұлу» АҚ – Қазақстан Республикасындағы кондитерлік, қант және ұн өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Ол 1974 жылы желтоқсанда Қостанай кондитер фабрикасы болып ашылып, 1993 жылы қыркүйекте «Баян сұлу» АҚ болып қайта құрылды.
- Фабрика Қазақстандағы кондитерлік өнімдердің екінші ірі өндірушісі және 300-ден астам өнім ассортиментін шығарады.
- Кәсіпорында 1500-ге тарта адам жұмыс істейді.
- Фабрика жылына 85 000 тоннадан астам өнім шығарады. Қазақстан Республикасының аумағында ең танымал сауда маркалары: «Қазақстандық», «Жержаңғақ хош иісі», «Самал», «Бота», «Fruit», «Матис», «BS», «Птичье молоко», «Қазақстан» және т.б. Жыл сайын өнім көлемінің 40%-ға жуығы экспортталады.
Жоғары іскерлік бедел, халықаралық ынтымақтастық және өнім сапасы.
«Баян Сұлу» АҚ акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінің акция секторының екінші санатына енгізілген. Мінсіз несие тарихы мен қызметінің ашықтығы арқасында, кәсіпорын Германия, Польша, Украина, Нидерландс, Дания, Ресей, Беларусь Республикасы, Финляндия, Латвия, Литва, Израиль және т.б. елдердің ірі тауар өндірушілерімен және жеткізушілерімен берік серіктестік орнатқан.
Фабрика өнімдері түрлі халықаралық және отандық көрмелер мен байқауларда қойылады. Фабриканың тауар маркалары көптеген марапаттарға ие: «Халыққа өнім шығаратын үздік кәсіпорын» («Алтын сапа»), «Сапа көшбасшысы» («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»), «Үздік өнім» ("Продэкспо" көрмесі аясында), «Үздік өнім» ("WorldFood Moscow" көрмесі аясында) және т.б.
Өнімдерді өндіру барысында Қазақстан Республикасы мен ЕурАзЭҚ-тың барлық стандарттары мен МС-тар қатаң сақталады. 2006 жылы ISO 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сай Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. 2015 жылы ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) мемлекеттік стандарты талаптарына сай Сапа менеджменті жүйесіне сертификаттық аудит жүргізілді. ҚР СТ ИСО 22000-2006 (ISO 22000:2005) мемлекеттік стандарты талаптарына сай Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі енгізілген. ҚР СТ ИСО 50001-2012 (ISO 50001:2011) мемлекеттік стандарты талаптарына сай Энергия менеджменті жүйесі жұмыс істейді.
«Баян Сулу» АҚ